№ 1 қосымша
Хабарлама
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві» КММ бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві» КММ Тайынша аудандық филиалы директоры, жалақысы мамандығы бойынша еңбек өтіліне байланысты есептелінеді 176970 теңгеден 214488 теңгеге дейін (бөлімі А2, саты 2-1);
Конкурс өткізу орны: 150000 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Интернациональная көшесі, 1, т.49-37-83. arhivsqo@sqo.gov.kz.
Филиалдың орналасқан жері (филиал директорының қызметін атқару орны):
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Абай көшесі, 193.
Мекеменің негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы – ҚР Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау,сатып алу, жинақтау, ретке келтіру, тұрақты сақтау, мемлекеттік есепке алу және олардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету үшін атқарушы органның қоғамның және жекелеген азаматтардың мүддесіне пайдалану.
Филиал директорының біліктілігіне қойылатын талаптар:
1) кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»;
2) астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік архивтері үшін – архив істері саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде төрт жыл не Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған тұлғадар үшін кемінде бес жыл, не архив саласында кемінде үш жыл немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған тұлғалар үшін басшы лауазымдарда басым мамандықтар бойынша оқу орындарында, жұмыс органы бекітетін, кадрлар даярлау бағыттары бойынша басым мамандықтар «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» ғылыми дәрежесі бар тұлғалар үшін;
3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.
Қонкурста қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № 175/2020 бұйрығымен бекітілген 075-У нысанындағы денсаулық туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың қабылдау күні басталуы — интернет-ресурста және ҚР бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарлама орналастырған күннен бастап.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде Солтүтсік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Интернациональная көшесі, 1, 15 кабинетке ұсынылуы керек.
