Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

2026 жылдың 20 тамыз күні Алматы қаласының Абай атыңдағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының киелі сахнасында аңызға айналған опера әншісі, КСРО Халық әртісі Ермек Серкебаевтың 100-жылдығына орай жарық көрген «Ермек Серкебаев. И жизнь, и молодость, и счастье…. Новые страницы» атты жаңа кітабының салтанатты презентациясы өтті.
Презентация барысында Ирина Серкебаева әкесі туралы бұрын беймәлім болған, жүректі елжіреткен естеліктермен бөлісті. Залда оның дауысы естіліп, 1968 жылғы бірегей кинокадрлар мен мұрағаттық суреттер алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбдірейісов Д. Н. Солтүсік Қазақстан облысының әкімінің Нұрмұхамбетов Ғ. Т. құттықтау сөзін оқыды және тарих ғылымдарының кандидаты, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Мәлікова С. З қатысты.
Кеш барысында ҚР Халық әртісі Шахимардан Әбілов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жамиля Серкебаева сондай-ақ Қазақстан Ұлттық опера және балет театрның солистері өнер көрсетті.

Ермек Серкебаевтың есімі мен өнері біздің жүрегімізде мәңгі сақталады

Scroll to Top