Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде семинарлық сабақ өтті.
Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің оқу залында «Тақырыптық және генеалогиялық сұрауларды орындау» тақырыбында семинарлық сабақ өтті.
Семинарға «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы Петропавл қалалық РАГС өкілдері қатысты.
Сондай-ақ Zoom онлайн-конференция форматында іс-шараға Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің аудандық филиалдарының қызметкерлері қосылды.
Семинар барысында тақырыптық және генеалогиялық сұрауларды ұйымдастыру және орындауға қатысты мәселелер, сондай-ақ азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу кезіндегі архив мекемелерінің өзара іс-қимыл ерекшеліктері қарастырылды.
🤝 Мұндай семинарларды өткізу тәжірибе алмасуға, сұраулармен жұмыс істеу сапасын арттыруға және ұйымдар арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

