Жұмағали Тілеулиннің 135-жылдығына арналғанғылыми-практикалық конференция

2025 жылғы 14 қазан күні Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінде Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ағартушысы, дәрігер, педагог және қоғам қайраткері Жұмағали Тілеулиннің туғанына 135 жыл толуына арналған «Ұлт мақтанышы – Жұмағали Тілеулин» атты ғылыми–практикалық конференция өтті.
Конференцияға т.ғ.к., Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры С.З.Мәлікова, Жұмағали Тілеулин ат. Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің директордың м.а. А.К.Амрина, Жұмағали Тілеулиннің немере інісі Б.Тілеулин, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, М.Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, Қазақстан Жоғары мектебі академиясының академигі, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы З.С.Тайшыбай, жазушы, журналист, «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Ж.Б.Самрат, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві, облыстық тарихи-өлкетану және бейнелеу өнері музейлерінің қызметкерлері мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.
Конференция аясында қатысушылар Жұмағали Тілеулин атындағы колледж музейімен танысып, сондай-ақ архивтік құжаттар негізінде дайындалған «ХХ ғасырдың басындағы Қызылжардың ұлттық зиялылары» атты көрмені тамашалады.
Шара соңында қатысушылар тұлғаның өмірі мен еңбегін насихаттау, оның ағартушылық идеяларын заманауи білім беру мен тәрбие жүйесіне енгізу туралы ұсыныстар білдірді.
Жұмағали Тілеулин – ұлт мақтанышы, ұлт руханияты мен медицинасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға.

Scroll to Top