2026 жылғы 18 кыркүйекте Оқушылар Сарайында Жошы ұлысынан Абылай хан заманына дейінгі тарихи сабақтастықты зерделеуге арналған «Алтын Орда мұрасы: Жошы ұлысынан Абылай хан заманына дейін» атты көрме өтті.
Көрме барысында Алтын Орда, Ақ Орда және Қазақ хандығы билеушілерінің шежіресі-Шыңғыс ханнан бастап үш жүздің қазақ халқы сайлаған соңғы ханы Кенесары Қасымұлына дейінгі әулеттік сабақтастық, билеушілердің теңгелері, сондай-ақ Алтын Орданың гүлдену кезеңіндегі аумағы бейнеленген карта келушілер назарына ұсынылды.
Сонымен қатар көрмеде Абылай ханның билік құрған дәуірін сипаттайтын бірегей құжаттар қойылды. Олардың қатарында құпия мәлімдемелер, хаттар мен патенттер бар. Бұл құжаттар Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінің, Ресей Империясының Сыртқы саясат архивінің, Орынбор мемлекеттік архивінің, Омбы облысының тарихи архивінің қорларынан, сондай-ақ мерзімді баспасөз беттерінен анықталған.


