2025 жылдың 23 маусымында сағат 16:00-де Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде қазақтың ұлы ақыны, публицист, педагог Мағжан Жұмабаевтың туған күніне орай «Алаштың сөнбес жұлдызы» көрмесі өтті.
«Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» қызметкерлері М.Жұмабаевтың өмірі мен қызметі туралы бірегей құжаттармен қызығушылықпен танысты. Көрмені тамашалауға келген департамент қызметкерлеріне Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивіне экскурсия өткізілді.



