2025 жылғы 30 мамырда Петропавл қаласында қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының туғанына 125 жыл толуына арналған іс-шаралар өтті.
Бұл іс-шаралар оның ел дамуына қосқан үлесі, мемлекеттілікті нығайту, ағартушылық қызметі мен жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудегі еңбегін еске алу мақсатында ұйымдастырылды.
Бағдарлама Смағұл Сәдуақасұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімімен басталды. Салтанатқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың өкілдері, мұғалімдер, оқушылар мен студенттер қатысты.
Күннің басты оқиғаларының бірі – «Смағұл Сәдуақасұлының қайраткерлік тұлғасы және жастарды отаншылдыққа баулу» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция болды. Онда Сәдуақасовтың сан қырлы мұрасы, публицист, жазушы және ағартушы ретіндегі рөлі, сондай-ақ оның идеяларының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы талқыланды.
Конференцияға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Г.Т. Нұрмұхамбетов, ф.ғ.д., профессор, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры Д.Қамзабекұлы, з.ғ.к., Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Қаһармандар» республикалық қайырымдылық қорының президенті С.А.Қасымов, М.Қозыбаев атындағы СҚУ профессоры, Қазақстан Жоғары мектеп академиясының академигі, ф.ғ.к. З.С.Тайшыбай, Г. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Б.Ж.Қабдушев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Б.Т.Әлімжанов, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының профессоры, т.ғ.к. Г.К.Мұқанова, Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназия директоры К.Е.Жанғазақова, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві директоры, т.ғ.к. С.З.Мәлікованың қатысуымен өтті.
Сондай-ақ конференцияға ғалымдар, тарихшылар, архив қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Конференция аясында «Смағұл Сәдуақасұлының қайраткерлік тұлғасы» атты архивтік-құжаттық көрменің тұсаукесері өтті. Онда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің қорларынан алынған бірегей фотосуреттер мен материалдар ұсынылды.
Күннің қорытындысы – Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында қойылған «Смағұл… Шыңы!» спектаклі болды. Қойылым Сәдуақасовтың халыққа қызмет етуді мақсат еткен тұлға ретіндегі бейнесін бейнелеп, әсерлі әрі мазмұнды кештің шарықтау шегіне айналды.
Өткізілген іс-шаралар тарихи жадыны сақтау мен рухани мұраны насихаттауға зор үлес қосып, жастардың өз тарихы мен мәдениетіне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етті.
2025 жылғы 30 мамырда Петропавл қаласында қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының туғанына 125 жыл толуына арналған іс-шаралар өтті. Бұл іс-шаралар оның ел дамуына қосқан үлесі, мемлекеттілікті нығайту, ағартушылық қызметі мен жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудегі еңбегін еске алу мақсатында ұйымдастырылды. Бағдарлама Смағұл Сәдуақасұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімімен басталды. Салтанатқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың өкілдері, мұғалімдер, оқушылар мен студенттер қатысты. Күннің басты оқиғаларының бірі – «Смағұл Сәдуақасұлының қайраткерлік тұлғасы және жастарды отаншылдыққа баулу» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция болды. Онда Сәдуақасовтың сан қырлы мұрасы, публицист, жазушы және ағартушы ретіндегі рөлі, сондай-ақ оның идеяларының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы талқыланды. Конференцияға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Г.Т. Нұрмұхамбетов, ф.ғ.д., профессор, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры Д.Қамзабекұлы, з.ғ.к., Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Қаһармандар» республикалық қайырымдылық қорының президенті С.А.Қасымов, М.Қозыбаев атындағы СҚУ профессоры, Қазақстан Жоғары мектеп академиясының академигі, ф.ғ.к. З.С.Тайшыбай, Г. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Б.Ж.Қабдушев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Б.Т.Әлімжанов, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының профессоры, т.ғ.к. Г.К.Мұқанова, Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназия директоры К.Е.Жанғазақова, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві директоры, т.ғ.к. С.З.Мәлікованың қатысуымен өтті. Сондай-ақ конференцияға ғалымдар, тарихшылар, архив қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Конференция аясында «Смағұл Сәдуақасұлының қайраткерлік тұлғасы» атты архивтік-құжаттық көрменің тұсаукесері өтті. Онда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің қорларынан алынған бірегей фотосуреттер мен материалдар ұсынылды. Күннің қорытындысы – Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында қойылған «Смағұл… Шыңы!» спектаклі болды. Қойылым Сәдуақасовтың халыққа қызмет етуді мақсат еткен тұлға ретіндегі бейнесін бейнелеп, әсерлі әрі мазмұнды кештің шарықтау шегіне айналды. Өткізілген іс-шаралар тарихи жадыны сақтау мен рухани мұраны насихаттауға зор үлес қосып, жастардың өз тарихы мен мәдениетіне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етті. 30 мая 2025 года в Петропавловске состоялись мероприятия, посвящённые 125-летию со дня рождения Смагула Садвакасова — выдающегося государственного и общественного деятеля, одного из основоположников казахской государственности. Мероприятия были организованы в знак признательности за его вклад в развитие страны, укрепление государственности, просветительскую деятельность и воспитание патриотизма среди молодёжи. Программа началась с торжественной церемонии возложения цветов к памятнику Смагулу Садвакасову. В церемонии приняли участие представители государственных органов, общественных объединений, научного сообщества, преподаватели, школьники и студенты.
14 ноября 2024 года директор Северо-Казахстанского государственного архива, кандидат исторических наук Сауле Зейнуллиновна Маликова приняла участие в международной конференции «Козыбаевские […]
24 қантарда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архтвінің архившілері Солтүстік Қазақстан облысы блйынша “Азамаьтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының […]