2025 жылғы 8 мамыр күні С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастырумен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс – халықтың ерлік мұрасы» атты Ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Зейноллақызы Мәлікова “Қызылжар өңірі 1941-1945 жылдары” тақырыбында баяндама жасады.
