«ХХ ғасырдың – Гомері» Жамбыл Жабаев180-жыл

2026 жылғы 26 ақпанда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің оқырман залында қазақ халқының ұлы ақын, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған «ХХ ғасырдың – Гомері» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын архив құжаттары негізінде насихаттау, оның тарихи тұлғасын дәріптеу және рухани мұрасын кеңінен таныту болды.

Дөңгелек үстелге Кастамону университеті әдебиет факультетінің қазіргі замаңғы түрік диалектілері мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, философия докторы, профессор Орхан Сойлемез, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, М.Қозыбаев ат.Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, Қазақстан Жоғары мектебі академиясының академигі Тайшыбай Зарқын Сыздықұлы, ҚР МАМ Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің ғылыми-анықтамалық аппарат бөлімінің басшысы Толықбаева Еңлік Әуелбековна, Жамбыл Жабаевтың әдеби – мемориалдық музейінің қызметкері, Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің бөлім басшысы Сағындық Зейнуллаұлы, облыстық архивтың қызметкерлері мен аудан филиалдарының директорлары, БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға архивтік құжаттар негізіндегі «Ұлы дала жыршысы» атты көрме ұйымдастырылды.

Scroll to Top