Солтүстік Қазақстан облысы киелі жерлерінің топографикалық картасының тұсау кесері

2026 жылғы 13 мамырда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві Солтүстік Қазақстан облысында киелі жерлердің топографиялық картасының тұсаукесері өткізілді. Іс-шараның мақсаты – өңірдегі тарихи-мәдени мұраларды насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың туған жерге деген құрметін арттыру.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлер картасына өңірдің 34 тарихи-мәдени ескерткіші енгізілді. Олардың қатарында мемориалдық кешендер, музейлер, мешіттер, шіркеулер және батырлар кесенелері енген.

Республикалық маңызы бар киелі нысандар қатарына Қарасай мен Ағынтай мемориалдық кешені, «Абылайдың резиденциясы» музейі, Ботай қонысы, Қожаберген жырау, Құлсары батыр, Ноғайбай би, Ақан сері кесенелері және Уәлихановтар әулетінің усадьбасы енген. Оның ішінде алты ескерткіш Петропавл қаласында орналасқан.

Іс-шараға Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері Ғ.Ж.Табулдин, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, еңбек ардагері Т.А.Абдрахманов, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Ә.О.Тұрысов, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Солтүстік Қазақстан филиалының директоры М.Қ.Қиясбек, Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты филиалының кіші ғылыми қызметкері (Астана қ.) С.Ү.Баяхметов, Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары, студенттер, облыстық архив қызметкерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Scroll to Top