2025 жылғы 21 қарашада Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті РММ-мен бірлесіп «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері және архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері — бөлім басшысы Б. Қ. Қожағұлова және архивист А. А. Кеңесқызы, Петропавл қаласының жеке құрамы бойынша аудандық филиалдар мен филиалдардың директорлары, облыстық архив қызметкерлері қатысты.



