Кездесуге Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, Қазақстан Жоғары мектебі академиясының академигі, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы З.С.Тайшыбай, жазушы-журналист, қоғам қайраткері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Ж.Қ.Сүлейменов, СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тарихи – мәдени мұраны қорғау және архив ісі бөлімінің басшысы Д.Ө.Бүркітәлімова, Тарихи – мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры А.О.Тұрысов, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалым хатшысы, PhD докторы, доцент Ә.С.Темірханова, облыстық архив қызметкерлері мен БАҚ қатысты.
Іс-шара барысында профессор Ченгел Хулия Касапоглу түркі әлемінің рухани-мәдени байланыстары, Алаш қозғалысының тарихи маңызы және қазақ зиялыларының мұрасын халықаралық ғылыми кеңістікте насихаттау мәселелері жөнінде мазмұнды баяндама жасады.
Кездесу аясында тараптар архив саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Алаш қайраткерлерінің мұрасын зерттеу бағытында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Облыстық архив қызметкерлері өз кезегінде өңірлік қорларда сақталған құнды құжаттармен таныстырып, ғылыми байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
2026 жылғы 12 ақпан күні Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Зейноллақызы Мәлікованың ұйымдастыруымен Газа университеті Түркология институтының директоры (Анкара, Түркия), Алаш қайраткерлерінің мұрасын зерттеуші профессор, PhD докторы Ченгел Хулия Касапоглумен облыстық архив қызметкерлерімен «Мағжан орталығы» ғылыми-мәдени орталығында «Алыстағы бауырыма» атты кездесу өткізілді.